Қазақстан FIFA Series 2026 турнирінің жеңімпазы атанды

Фото: MadeniPortal.kz

СПОРТ
118

Футболдан FIFA Series 2026 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстан мен Комор аралдары арасында өткен шешуші матч 1-0 есебімен аяқталды. Ұлттық құрама екі матчта да жеңіске жетіп, толық 6 ұпаймен жеңіске жетті. Бұл тартысты ойында алғашқы голды ойынның 2-минутында жартылай қорғаушы Рамазан Оразов салып, жеңіске деген сенімді еселеді. 

Қарсылас команданың да ойынға тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Айта кетейік, рейтингте Комор аралдары біздің құрамадан жоғары тұр. Сондай-ақ, жалпы Африка футболында еуропалық футболда бой көрсетіп жүрген ойыншылар да бар. 

Ойын соңында екі команда да марапатталып, Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турнирінің кубогын көтерді. Сонымен қатар, Ислам Чесноков турнирдің “Ең үздік ойыншысы” атанды. 

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов жігіттерде ойын тонусы аздау екен, “матчта тез гол соғып алып, өз ойынымызды көрсетуіміз керек” деген жоспарда болғанын айтты. 

Ал, Комор аралдарының бас бапкері Қазақстан құрамасының шабуылы мықты болғанын, ал өзінің ойыншылары 2-таймда прессинг жасағанымен, қорғанысымыз әлсіз болды деп атап өтіп, сөз соңында қазақ елі мен қонақжайлылығымызға алғыс білдірді. 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Қазақстанда заң талаптарына сай келмейтін оқу орындарына қарсы күрес күшейіп жатыр. Билік талаптарға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал “Әзіл әлемі” театрының актері Арман Жаналиев келіншегіне қымбат көлік мінгізді,...