Лионель Месси “Барселона“ сапына қайта оралады

Фото: leomessi парақшасынан

СПОРТ
514

Футболдың аңызы, америкалық "Интер Майами" клубының жұлдызды футболшысы Лионель Месси "Барселона" сапында қоштасу матчін өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz The Touchline-ға сілтеме жасап.

"Барселонаның" директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Тони Фрейша алдағы бір жарым жыл ішінде "Камп Ноу" стадионында Лионель Мессимен қоштасу рәсімі өтетінін айтты. Фрейшаның сөзінше, бұл ақпарат расталған.

"Бір жарым жыл ішінде "Барселона" "Камп Ноуда" Лео Мессимен қоштасу рәсімін өткізеді. Бұл мәселе нақты шешілді", - деп келтіреді Тони Фрейшаның сөзін The Touchline.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Месси "Барселонамен" толыққанды қоштасу матчін өткізе алмаған еді. Клубтың ауыр қаржылық жағдайына байланысты аңыз ойыншымен келісімшарт ұзартылмай, аргентиналық шабуылшы ПСЖ-ға ауысуға мәжбүр болған.

Ол кезде қоштасу рәсімі эмоционалды баспасөз мәслихаты түрінде өтіп, Месси көз жасына ерік берген. Футболшы бос залда емес, лық толы стадион қошеметімен кеткенді армандағанын бірнеше рет айтқан еді.

"Барселонада" өткізген 17 маусымда ол 778 матчке қатысып, 672 гол соқты – бұл клубтың абсолют рекордтары. Месси "көк-анар түстілермен" бірге Испанияның 10 чемпионатын, 7 Король кубогін, 8 Испания Суперкубогін, 4 Чемпиондар лигасын, 3 УЕФА Суперкубогін және 3 клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...