Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев 7-ші орынға тұрақта...
Алғаш рет Қазақстанда УЕФА Суперкубогы өтетін болды
Фото: әлеуметтік желіден
УЕФА Атқарушы комитетінің бүгін Салоникиде өткен отырысында 2028 жылғы УЕФА Суперкубогынынң өтетін орны анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Еуропаның екі үздік клубын кездестіретін ойын “Астана Арена” стадионында ұйымдастырылады. 30,2 мың көрерменге арналған бұл стадионда “Астана” және "Жеңіс" футбол клубтары мен Қазақстан ұлттық құрамасы үй матчтарын өткізеді.
Айта кетерлігі, Еуропаның клубтық турнирлері аясындағы мұндай деңгейдегі жүлделі матч Қазақстанда алғаш рет өтпек.
2028 жылғы УЕФА Суперкубогында 2027/28 маусымындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі. Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер Еуропаның ең мықты екі клубының ойынын елордада тамашалауға мүмкіндік алады.
Ал 2027 жылғы Суперкубок матчы Амстердамдағы әйгілі “Йохан Кройф Аренада” өтеді.
Сондай-ақ УЕФА 2028 жылғы өзге де ірі турнирлердің финалдарын қабылдайтын қалаларды жариялады. Чемпиондар лигасының финалы Мюнхенде, Еуропа лигасының шешуші ойыны Бухарестте, ал Конференциялар лигасының финалы Туринде өтеді.