Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен алтын медаль жеңіп алды

Сурет: ҰОК

СПОРТ
2444

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Венгрияның Сомбатхей қаласында болып жатқан WTT Youth Contender турнирінде қатарынан екінші медалін жеңіп алды. Бұл жолы ол 11 жасқа дейінгі санатта “алтын” медальмен көзге түсті, деп хабарлады madeniportal.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Турнир барысында Жәния Венгриядан келген Сара Сондиды 3:0, испаниялық Лора Урияны 3:0, украиналық Александра Бецті 3:0 есебімен сондай-ақ, испаниялық Джулия Фернандесті 3:1, Кармен Гоместі 3:0 және румыниялық Бьянка Томуды 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұған дейін Сомбатхейде Бекмұхамбетова U13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орынды иеленген еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерім...

СПОРТ

Қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі «Гент»...