Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Париж Олимпиадасының Алтын жүлдесін алған Елдос Сметовке қал...
Қазақстандық төрешілер еурокубоктың басты матчына тағайындалды
Фото: ҚФФ
182
Қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі «Гент» пен «Орхус» арасындағы матчқа төреші болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Үлкен сенім артылған матч 15 қазанда Гент қаласындағы «KAA Gent Arena» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 21:45-те басталады.
ҚФФ-ның хабарлауынша, ойынның бас төрешісі қызметін Болат Сәриев атқарады. Оған қапталдағы көмекшілер ретінде Сергей Васютин мен Денис Лабашов жәрдемдеседі. Төртінші төреші міндеті Саят Қарабаевқа жүктелді.
Бұдан бөлек, ойында VAR жүйесінің мамандары да жұмыс істейді. Бас төрешінің бейнекөмекшісі (VAR) болып испаниялық Хуан Мартинес Мунуэра, ал оның ассистенті (AVAR) қызметіне қазақстандық төреші Айдын Тасыбаев бекітілді.