“Шавкатпен айқасты өзім талап еттім”. Шавкат Рахмоновтың қарсыласы мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/iangarry

СПОРТ
2344

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам уақыт қалды. Осы орайда ирландиялық аралас жекпе-жек шебері қазақстандық қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Шыны керек, Шавкатпен айқасты өзім талап еттім. Себебі жеңілмеген спортшы жеңілмеген қарсыласпен айқасуы керек. Біз бірге жаттығу жасадық. Қаншалықты мықты екенімізді жақсы білеміз. Бір-бірімізді құрметтейміз. Бәлкім Шавкатқа қарағанда, мен оны көбірек құрметтейтін шығармын. Бірақ бұл қалыпты жайт. Біздің карьерамыздың  кезеңінде осылай болады. Бір шындық бар, мен оның нөлін де, белбеуді де тартып аламын! - деді Иан.

Айта кетейік, Рахмонов (18-0) пен Гэрри (15-0) жекпе-жегі 8 желтоқсан күні Лас-Вегастағы UFC 310 турнирі аясында өтеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері 12 жастағы қыздың атынан әлеуметтік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті...