Месси тағы да пенальти сала алмады

Фото: Rich Storry / Getty Images

СПОРТ
860

"Интер Майами" Major League Soccer (MLS) тұрақты чемпионаты аясында "Нэшвиллден" ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Матч Нэшвиллде (АҚШ) өтіп, алаң иелері қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді.

"Нэшвилл" сапында 49-шы және 63-ші минуттарда гол соққан Хани Мухтар дубль авторы атанды. Тағы бір-бір голдан Энди Нахар (17-минут) мен Сэм Сарридж (56-минут) еншісіне жазды. Бірінші таймға қосылған уақытта Лионель Мессидің пасынан Теласко Сеговия "Интер Майамидің" жалғыз голын соқты.

Аргентиналық шабуылшының бірінші таймда-ақ көзге түсетін мүмкіндігі болған еді, бірақ ол 23-минутта пенальтиді жүзеге асыра алмады.

Осы жеңістен кейін "Нэшвилл" ұпай санын 43-ке жеткізіп, Шығыс конференциясындағы көшбасшылығын нығайтты. 38 ұпайы бар "Интер Майами" турнирлік кестеде екінші орында тұр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2027 жылы жүктілік пен босануға байланысты берілетін ең жоғары әлеуметтік төлем мөлшері...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақтың тұңғыш антропологы, көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым ака...