Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» қатарынан жетінші матчта жеңілді

Фото: ашық дереккөзден

СПОРТ
1898

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаңда череповецтік «Северстальмен» ойнады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Букмекерлік кеңселер мен сарапшылар ресейлік клубты фаворит санаған еді.

Ғалым Мәмбеталиев мына құрамды мұз айдынына шығарды: Шутов (Бояркин) - Бекетаев-Камалов, Бочаров-Николишин-Панюков; Хохлов-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Бурдасов; Королев-Оразов, Савицкий-Мұхаметов-Мұратов; Гайтамиров-Бутенко, Қайыржан-Шайхмедденов-Оспанов.

Бірінші кезеңде алаң иелері минималды жеңіске жетсе, екіншісінде есеп айырмасын арттырды, Әлихан Әсетов қысқартты.

Соңғы жиырма минутта ресейліктер жеңіске жетуге барынша ұмтылды. Есеп – 5:3. Осылайша қазақстандық клуб жетінші рет қатарынан жеңілді.

8 желтоқсанда «Барыс» сырт алаңда Санкт-Петербургтің СКА командасымен ойнайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

65 жастан асқан қазақстандықтар несиені енді онлайн ала алмайды. Олар несие алуға өтініш беру ү...