Екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңді: Айбек Оралбай финалда алтын үшін бақ сынайды

Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

СПОРТ
1500

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круспен (Куба) өзара мықтыны анықтады. Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті. Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда 54 жастағы әйел күйеуінің пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы жағдайды алғаш болып ерлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...