Рамазан Оразов еуропалық клуб сапында екінші голын соғып, жанкүйерлерін қуантты

Фото: sport plus qazaqstan

СПОРТ
843

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық "Силькеборг" сапындағы екінші голын соқты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulyssport.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Кеше, 25 қыркүйекте "Силькеборг" клубы Дания ұлттық кубогының 1/16 финалдық кезеңі аясында "Роскилле" командасымен сырт алаңда матч өткізді. Кездесу "Силькеборг" клубының жеңісімен аяқталды.

Бұл матчты Рамазан Оразов қосалқы құрамда бастады. Қазақстандық футболшы командаласы Юнес Бакиздің орнына 73-минутта алаңға шықты. Сондай-ақ Рамазан Оразов 90+3-минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Рамазан Оразов "Силькеборг" сапындағы бірінші голын салды. Ойынның нәтижесі бойынша "Силкеборг" 3:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов биыл маусым айының соңында "Ақтөбемен" қош айтысып, даниялық "Силькеборгтың" сапына қосылған болатын. 

Шоу-бизнес

Танымал блогер Әсел Асқар жастар арасындағы ішімдік ішудің қатерлі зардаптары туралы айтты, деп хаба...

Шоу-бизнес

Танымал өнер иесі Сәкен Майғазиев Шымкент қаласының әкім орынбасары Руслан Берденовке қатысты пікір...