Қазақстандық спортшы Милана Красавцева Париждегі Олимпиадада пара-таэквондодан ширек финалға шықты...
Қазақстан-Комор аралдары: 31 наурыз FIFA Series турнирінің келесі ойыны өтеді
Фото: kff_team
Ертең 31 наурыз Астана Аренада Қазақстан ұлттық құрамасы мен Комор аралдары арасындағы матч өтеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
FIFA Series 2026 турнирі аясында Қазақстан ұлттық құрамасының Комор аралдарымен ойыны алдындағы баспасөз мәслихаты өтті. Ойын алдында бас бапкер Талғат Байсуфинов пен ойыншы Александр Мрынский БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
28 наурыз күні бізден жеңіліс тапқан Намибия құрамасы Комор аралдарын пенальти сериясында жеңіп 2 ұпай еншілеген. Соған байланысты бас бапкер, 1 ғана ұпайы бар Комор аралдарының ертең тек жеңіске ойнайтынын, бірақ біздің ойыншыларымыз да жеңіске дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, Талғат Байсуфинов Намибиямен матчта ойын ритмінің ұнамағанын, бізге ойында тұрақтылық қажет екенін де айтты.
Ал, қақпашыларға, нақтырақ алдағы ойында Бекхан Шайзада шыға ма деген сұраққа “Үш қақпашыға да ойын уақытын береміз. Бірақ, кім қалай шығады, кім бастапқы құрамда шығатынын бүгін шешеміз” деп жауап берді.
Сондай-ақ, ертең ойын соңында турнирдің ең үздік ойыншысы анықталып, барлық құрама мен ойыншыларға медальдар табысталады.
Айта кетейік, 25 наурыз FIFA Series 2026 турнирі аясында Намибия құрамасына қарсы өткен бірінші ойында Қазақстан ұлттық құрамасы 2-0 есебімен жеңіске жетіп, 3 ұпай еншілегенін жазған болатынбыз.