Бокстан әйелдер арасындағы бәсекеде 50 келіде қола жүлде иеленген Назым Қызайбай алдағы жоспарымен б...
"Спорттық мансабым аяқталуға жақын" - Елдос Сметов
Фото: Сали Сабиров
Елдос Сметов Олимпиада алтынынан кейінгі мансабы туралы маңызды мәлімдеме жасады деп хабарлайды madeniportal.kz tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан 60 келі салмақта жеңімпаз атанды. Чемпион биылғы Олимпиада оның мансабындағы соңғысы болатынын айтты.
«Жауапкершілікке алаңдағаннан ештеңе де шықпайды, тек жүйкеңді шаршатумен ұтыласың. Сондықтан мен тек жарыстар туралы ойладым.
Бұл менің соңғы Олимпиадам екенін білдім. Бұл соңғы ойындар және менің спорттық мансабым аяқталуға жақын. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Мен ата-анама, отбасыма, балаларыма "жеңіспен ораламын" деп уәде бердім. Олардың сенімі мен қолдауы маған мотивация берді. Бес балам, асыл жарым, ата-анам, бауырларым бар. Мен бұл жеңісімді бүкіл қазақ елі мен жақындарыма арнаймын», - деді Сметов «Вести» басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, медаль тапсыру рәсімі кезінде Қазақстанның әнұраны орындалып жатқанда Елдос Сметов өз эмоциясын ұстай алмай, көз жасына ерік берген болатын.
Бұған дейін Елдос Сметов теледидар арқылы дзюдошыға қолдау білдірген жанкүйеріне арнайы сыйлық жасаған болатын.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында жеңіске жеткені үшін Елдос Сметов 250 мың доллар алады, ал чемпионды алғашқылардың бірі болып Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.