Бүгін суперкубокта «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездеседі

Фото: Getty images

СПОРТ
1612

Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогында «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе» командалары арасында тартысты матч өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ойын елордадағы «Астана-арена» стадионында болады.

Бұл ойында астаналық Саят Қарабаев бас төреші қызметін атқарады. Оған астаналық Тимур Тұрсымбаев пен Нұржан Жүнісов көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де астаналық Георгий Жуковский.

Қазірге дейін «Ақтөбе» 2008, 2010, 2014 жылдары үш мәрте суперкубокты төбесіне көтерсе, «Қайрат» 2016, 2017 жылдарда екі мәрте жеңімпаз атанды.

Ақтөбелік клуб өзі қатысқан суперкубоктың барлығында жеңсе, алматылық команда 2015, 2018, 2019, 2022 жылдары қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Биыл суперкубок ойыны өз тарихында 17 мәрте өткізілмек. Қазірге дейін ол еліміздің Алматы («Орталық»), Астана («Астана Арена»), Қостанай («Тобыл Арена») және Түркістан («Түркістан-Арена») қалаларында болды.

Кездесу Астана уақытымен сағат 15.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...