Рекордтық көлем: Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына сыйақы мөлшері көбейді

Фото: ЖИ

СПОРТ
1068

Биыл бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатында берілетін сыйақы мөлшері рекордтық көлемде болады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

2025 жылы Дубайда бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатының жүлде қоры рекордтық 8,32 миллион доллар болмақ. 

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) мәліметінше, чемпионат жеңімпаздарына – 300 мың доллардан, күміс жүлдегерлеріне – 150 мың доллардан, ал қола жүлде иегерлеріне 75 мың доллардан беріледі.

Бұл чемпионат рекордтар мен жүлделер туралы ғана емес, мұнда әрбір боксшы, әрбір бапкер және әрбір ұлттық федерация лайықты құрмет пен марапат алуы тиіс, – деді Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев. – IBA-ның басты мақсаты – боксшыларды қорғау, олар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау және біздің спорттың бірлік пен әділеттіліктің күші болып қала беруін қамтамасыз ету, – деп қосты ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...