Қазақстандық семсерлесушілер Египетке қарсы кездесуде жеңіске жетті

Olympic.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2979

Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы 5-8-орындарды сарапқа салу үшін Египет спортшыларымен шеберлік байқасты. 

Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 36:21 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл бәсекеде 5-орынды иелену үшін Қазақстан құрамасы Италияға қарсы кездесу өткізеді. Қазақстан құрамасы сапынан Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлайимов және Ерлік Сертай бақ сынады.