Самат Смақовтың ұлы түркиялық «Бешикташпен» келісімшартқа отырды

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
108

Қазақстан футболының аңызы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов түркиялық атақты «Бешикташ» клубымен келісімшартқа отырды. Жас футболшы енді мансабын Түркия чемпионатының алпауыт клубтарының бірінде жалғастырады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

18 жастағы Аламгир Смақов — Алматыдағы «Қайрат» академиясының түлегі. Ол футболдағы алғашқы қадамын Қазақстанда жасап, кейін «Бешикташтың» жастар жүйесіне қосылған. Түркиялық клуб сапында жас ойыншы өзін жақсы қырынан көрсетіп үлгерді. 

Аламгир бұған дейін «Бешикташ» құрамында бірнеше жолдастық кездесуге қатысып, нәтижелі ойынымен көзге түскен. Ол бес кездесуде екі гол соғып, бірнеше нәтижелі пас берген. 

Жас футболшының әкесі Самат Смақов — Қазақстан футболының тарихындағы ең танымал ойыншылардың бірі. Ол ұлттық құрама сапында ұзақ жыл өнер көрсетіп, ел футболында өзіндік із қалдырды. Енді Смақовтар әулетінің екінші буыны халықаралық аренада бағын сынамақ. 

Аламгирдің «Бешикташпен» келісімшартқа отыруы — оның мансабындағы маңызды кезең. Түркиядағы кәсіби ортада тәжірибе жинап, клубтың жастар жүйесінде дамуы жас футболшыға үлкен мүмкіндік береді. 

Қазақстандық жанкүйерлер енді Аламгир Смақовтың «Бешикташ» сапындағы өнерін асыға күтеді. Жас талант әкесінің жолын жалғастырып, болашақта Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетеді деген үміт бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір бүлдіршінге пана болуды көздеп, Балалар үйіне барған ерлі-зайыпты Қабыкен мен Эльмира Ботабай тө...