Стенд атудан Азия кубогында қазақстандық спортшылар жеңісті қолдан бермеді

Фото: kazgazeta.kz

СПОРТ
2208

Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогында спортшыларымыз қоржынды тағы бірнеше медальмен толықтырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Olympic.kz сайтының жазуынша, ерлер арасындағы «дубль-трап» бағдарламасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Бұл бәсекеде ел намысын Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин және Никита Чикулаев қорғады.

Владлен Калимулин «дубль-трап» бойынша жекелей сында қола медаль иеленді. Сондай-ақ «трап» санатындағы жасөспірімдер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы алтын медальға қол жеткізді.

«Трап» жаттығуы бойынша әйелдер арасындағы командалық сында Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина және Карина Почиваловадан құралған Қазақстан командасы қола медаль еншіледі.

«Трап» жаттығуынан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы (Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов) күміс медаль иеленді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...