Тарихи жеңіс!Спортшыларымыз 2025 жылғы Азия ойындарынан 20 медаль алды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

СПОРТ
1197

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатика мен шорт-тректен бірінші рет жеңіске жетіп, 20 медаль, оның ішінде төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды madeniportal.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтей отырып. 

«14 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы құрлықтық көпсалалы жарыста 20 жүлде жеңіп алды. Біздің спортшылардың еншісінде төрт алтын бар. Еліміз биатлоннан, сондай-ақ хоккейден, шорт-тректен және фристайлдан акробатикадан алға шықты» деп жазылған хабарламада. 

Әлем бойынша көшбасшы саналатын Қытай споршыларын шаң қаптырған фристайл жеңісі еліміз үшін тарихи жеңіс, сондай-ақ шорт-трекшілер де алғаш рет алтын алды. Ерлер хоккейінде Қазақстан құрамасы бесінші рет Азия ойындарында жеңіске жетті.

Сонымен қатар, Қазақстан қоржынына тоғыз күміс және жеті қола медаль түсті.

Күміс медальдарды Евгений Кошкин (конькимен жүгіру), шорт-тректен әйелдер және аралас командалар, хоккейден әйелдер құрамасы, шаңғышы Константин Борцов, шаңғы жарысынан әйелдер командасы, биатлоншы Вадим Куралес, биатлоннан ерлер құрамасы және аралас жарыстарда фристайлшылар жеңіп алды.

Олжас Климин (шаңғы жарысы), командалық спринтте конькишілер, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғы тебуден ерлер командасы, Аяна Жолдас (еркін акробатика), синхронды секіруден әйелдер еркін акробатика командасы және эстафетада биатлоншылар қола жүлде ұтып алды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...