Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 3 алтын алды

коллаж: alash.kz

Спорт
343

Қазақ боксшылары Черногорияның Будва қаласында жастар арасында өткен әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлады  madeniportal.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Төрехан Сабырхан (67 кг) финалда кубалық Давид Мануэль Эспиноса Сантойяны 4:1 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

Санжарәлі Бегалиев (75 кг) өзбекстандық Жафарбек Шахбазовты жеңіп, екінші алтынға қол жеткізді.

Үшінші алтынды 81 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аружан Зейнуллаева жеңіп алды. Финалда қазақ қызы өзбекстандық Рухшона Паприевамен кездесіп, жеңіске жетті. 

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...