Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Әлем чемпионатының құқықтарын сатуға қатысты даудан кейін ұй...
Қазақстан Азия ойындарындағы ушудан алғашқы медальға ие болды
Фото: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Әлижан Аблағатов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ушудан алғашқы медальді жеңіп алып, бұл ойын түрінен ел қоржынына алғашқы медальді сыйлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финал жекпе-жектері өтіп жатыр. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов ирандық Мохаррами Пирагоммен финал жолдамасын сарапқа салды. Отандық спортшы барын салғанымен, жекпе-жек қарсыластың пайдасына шешілді.
Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.
Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарының алтыны үшін айқасады. Ол жартылай финалда Тайбэй өкілі Хуан Жангпен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ертең отандасымыз финалда Иран өкілі Сохеил Мусавимен кездесіп, жүлдеге таласады.