Таеквондошы Айым Серікбаева Азия чемпионы атанды

ҰОК

СПОРТ
1122

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ҰОК жазды.

Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

«Бүгінгі жарыста бәрі ойдағыдай болды. Чемпион боламын деп едім. Нәтижесінде мақсатыма жеттім.Осымен тоқтап қалмаймыз. Жеңістер әлі алда. Ал бүгінгі жарыста ең қиын болған сәт - жартылай финал. Кішкене өзімді қолға ала алмай қалдым. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет», - деді Айым Серікбаева.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...