“Маңызды үш үлкен мақсат бар еді”: Назым Қызайбай арманға жету үшін батыл қадамға бекінгенін мәлімдеді

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
275

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында осы жылға қойған орындалған және орындалмаған мақсаттары туралы қызық дерекпен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Айтуынша, 2025 жыл оның мансабында да, жеке өмірінде де маңызды жетістіктерге толы болған.

«Мен үшін ерекше маңызды үш үлкен мақсат бар еді. Біріншісі — үш дүркін әлем чемпионы атану. Екіншісі — ата-анама үлкен үй сыйлау. Үшіншісі — өзімнің бокс залымды ашу», – деп жазды Назым Қызайбай.

Назым Қызайбайдың жазбасынан осы мақсаттардың алғашқы екеуі толық жүзеге асқанын байқауға болады. Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанып қана қоймай, биыл өткен екі әлем чемпионатына қатысып, бірінде алтын, бірінде күміс жүлдеге қол жеткізген. 

«Үш дүркін әлем чемпионы болдым. Биыл екі әлем чемпионаты өткендіктен, өз рекордымды жаңартқым келді, бірақ екіншісінде күміс алдым. Дегенмен, әлем чемпионатында толық комплект жиналды», – деді спортшы.

Сонымен қатар, боксшы ата-анасына үлкен үй сыйлағанын да атап өтті.

«Отбасыма үлкен үй алып бердім, бәрі мәз», – деп жазды ол.

Қазір Назым Қызайбай үшінші мақсатын орындап, жеке бокс залын ашуды көздеп отыр. Осы жоспарға байланысты ол Олимпиададан кейін өзіне сыйға берілген көлігін сатуға шешім қабылдағанын хабарлады.

«Көлікті жақсы көремін, бірақ арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын», – деп жазды ол.

Боксшы арудың айтуынша, қазіргі таңда шағын ғимарат қарастырылып қойған және бокс залын ашу жоспары жыл соңына дейін жүзеге асуы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...