Нариман Құрбанов Әлем кубогы кезеңінде финалға шықты

ҰОК

СПОРТ
586

Гимнастар Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде финалға шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,766 ұпай жинап, бірінші орынмен шешуші кезеңге өтті.

Зейнолла Ыдырысов өз өнері үшін төрешілерден 14,700 ұпай алып, іріктеуде екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңінің финалы 10 және 11 сәуір аралығында өтеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...