«Үш күннен кейін тағы сынға түсемін»: Әбиба Әбужақынова күмістен кейін мәлімдеме жасады

ҰОК

СПОРТ
253

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ҰОК жазды.

Отандасымыз финалдық белдесуден кейін алдығы жоспарымен бөлісті.

"Негізі, осы қарсыласқа алдын ала дайындалдық. Онымен финалда кездесетінімізді білдік. Төрттағандап күресуге ерекше мән беріп, соған дайындалдық. Қанша тырысқаныммен, бұл жолы жеңіліп қалдым. Маған сенім артып, осы жарысқа алып келген жаттықтырушыма алғыс айтамын.

Жоғалтатын ештеңем жоқ еді. Финалда барымды салдым. Өйткені күміс медаль менде бар еді.

Қазір төрттағандап күресуде шеберлігімді шыңдап жатырмын. Бапкерлерім тік тұрып жақсы күресетінімді айтты. Сондықтан төрттағандап күресуге көбірек көңіл бөліп жатырмын.

Алда әлем чемпионаты күтіп тұр. Үш күннен кейін сол додада бақ сынаймын", - деді Әбиба.

СПОРТ

Азиадада Қазақстан командасы дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарының екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әскери қызмет кезінде қаза тапқан Алмас Көбеновтің отбасының қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет айт...