Әлеуметтік желілерде Қазақстан құрамасы мен елордалық "Астананың" бұрынғы шабуылшысы Сергей Остапенко тракторшы болды деген ақпарат тарады. Tengri Sport ойыншының өзіне хабарласып, мән-жайды анықтап көрген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
40 жастағы ойыншы мансабын 2015 жылы аяқтап, кейін футбол саласында қалмауды ұйғарған. Сергейдің айтуынша, ол әлі ойыншы болып жүрген кездің өзінде арнайы техниканы жалға берумен айналысатын компанияның негізін қалаған.