Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді

Сурет El.kz сайтынан алынды

СПОРТ
3519

Танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлады madeniportal.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес оқиға 19 тамыз күні түнгі он бірлер шамасында болған. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінде зорлық жасалғаны туралы хабар түседі.

"Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен 28 жастағы қыз арызданған. Қазір 34 жастағы спортшыны қамау үшін тиісті шаралар жасаланып жатыр", - делінген ақпаратта.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл деректі растады.

"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...