Жапонияда жүлде үшін талас: Қазақстан Азия Пара ойындарына 150 спортшы апарады

ашық дереккөз

СПОРТ
118

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтетін V Азия Пара ойындарына 150 спортшымен қатысады. Байрақты бәсеке 18–24 қазан аралығында Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қазақстандық пара спортшылар бірнеше спорт түрінен ел намысын қорғап, құрлықтың үздік атлеттерімен жүлделер үшін таласады. Бұл дода ұлттық құрама үшін халықаралық деңгейдегі маңызды жарыстардың бірі болмақ.

Азия Пара ойындары мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы құрлықтағы ең ірі кешенді жарыстардың қатарына кіреді. Оған Азияның көптеген елінен мыңдаған спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасының негізгі мақсаты – жүлде санын арттырып, халықаралық аренадағы нәтижесін жақсарту. Ойындар 24 қазанда қорытындыланады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік біле бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция «Айша» сауда орталығында жаңа бутиктің ашылуы кезінде болған жаппай кептеліске қ...