Айдар Құрмашев:: "Экономиканы өсіру үшін жаңа адами капитал қажет"

Фотосурет ұсынылды

ШЫҰ саммиті 2024
2440

Астанаға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келді. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев екіжақты келіссөздер экономикалық және саяси байланыстары нығайтуға мүмкіндік береді деп есептейді.

"Қытай Халық Республикасы төрағасының келуі біз үшін өте маңызды. Бұл экономикалық және саяси байланыстары нығайтуға мүмкіндік береді. Себебі Қытай мен Еуропа арасындағы континенталды тасымалдың 80 пайызы Қазақстан арқылы жүріп отыр. Бүгінгі таңда бізбен байланыс және еліміздегі тұрақтылық Қытай үшін өте маңыды болып отыр, бізге де аталмыш ынтымақтастық тиімді деген сенімдемін.  

2023 жылмен салыстыратын болсақ, сауда айналымы 30 пайызға өскен және 41 миллиард долларға дейін жетті. Енді болашақта екі мемлекет осы сауда айналымын 100 миллиардқа дейін өсіруді жоспарлауда. Бұл – үлкен көрсеткіш. Мысалы, Қытай мен Ресей арасындағы сауда айналымы 200 миллиардқа дейін жетіп отыр. 

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыс та ұдайы өсуде. Мысалы, визаның алынуы да ғалымдардың, сарапшылардың байланысын одан әрі нығайтуға зор септігін тигізуде. Сондықтан да бүгінде Қытайдағы көптеген технологиялық орталықтарға жол ашылды. Біздің қазақстандықтар «Болашақ»  және басқа да көптеген жобалар арқылы өзара білімдерін толықтырып, өзара тәжірибе алмаса алады.  Ол біз үшін өте тиімді".

Айдар Құрмашевтың айтуынша, экономиканы өсіру үшін жаңа адами капитал қажет.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...