Адамның тағдыры жатырға ұрық боп түскен сәтінен бастап «жазылатыны» белгілі болды

ТАНЫМ
2089
Адамның тағдыры жатырға ұрық боп түскен сәтінен бастап «жазылатыны» белгілі болды.

"Адам өз тағдырымен бірге туады" дейтін гипотезаның нақты шындық ретінде айшықталатын кезге алыс қалған жоқ. Бұған ата-анасы тарапынан берілетін генетикалық жадыдан бөлек, басқа фактор да өз әсерін тигізетіні себеп болады. 

Адам өмірі туған сәтінен бастап емес, жатырға ұрық боп түскен сәтінен бастап басталады. 

Адамның тағдыры ұрық болып қалай түскеніне байланысты қалыптасады, оның мінез-құлқы мен әдетіне әсер етеді. 

Ұрықтану сәтінде эмбрион өзінің даму барысында сақталатын, құрсақтағы даму сатыларында берілетін ақпаратқа ие болады. Яғни, ата-анасының жақындасқан сәтіндегі толқынысы мен жай-күйі өз әсерін тигізеді. Яғни, ата-аналар жақындасқан сәтте белгілі бір вибрация тудырып, болашақ баланың мінез-құлқына әсер етпек. Мәселен, ер мен әйел перзент сүюді мақсат етіп, терең сүйіспеншілікпен саналы түрде жақындасқан болса, мұндай күйден туған вибрация баланың мейірімді әрі өзге де абзал қасиеттерге ие болып дүниеге келуіне әсер етпек. Ал егер ер мен әйел ашу мен ыза үстінде, яғни, ұрыс-керістен кейін жақындасса, болашақ бала зорлық-зомбылыққа бейім болып өсуі ғажап емес. 

Сондай-ақ, құрсақтағы ұрықтың даму барысындағы анасының көңіл-күйі мен күтімі де баланың болашақ баланың тағдырына өз әсерін тигізеді. Аяғы ауыр әйелге барынша жағдай жасап, жағымды атмосфера қалыптастыру керек. Құрсақтағы шарана анасы мен әкесінің даусын тани алатын дәрежеге жетеді. Мұндай кезде тек жанға жайлы тиетін, жағымды сөздер айтуы тиіс деп есептейді ғалымдар. Ата-анасының дауысынан олардың қандай көңіл күйде болатынын вибрациясын сезе алатын деңгейде болатындықтан. Осы орайда ежелгі Қытайда мынадай салт болғанын айта кету керек: әйел адамның жүкті екені белгілі болған жағдайда әкесі құрсақтағы баласымен танысу ғұрпы болған – әкесі немен айналысатынын, мақсаты мен өмірдегі қастер тұтатын құндылығы жайында айтуы тиіс. Әйелдің жүктілігі жалғасын тапса, құрсақтағы дамуы тоқтамаса, шарана әкесін қабылдады деп есептелетін. 

Бұл жайында volkovysk.by ақпарат көзіне сілтеме жасап islam.kzмәлім етті.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...