Төрінде өнер туындысы ілініп тұратын атақты адамдар

ТАНЫМ
2912

Сіздің банк шотыңызда бірнеше миллион доллар бар деп елестетіп көріңіз. Сіз мұндай байлықты не үшін жұмсар едіңіз? Қымбат Rolls-Royce, Cartier сақинасын немесе ірі компанияның акцияларын сатып алар ма едіңіз? Мұндай өмір сүру салты, әрине, қызықты һәм көркем. Бірақ біз сізді Өнер патшалығына шақырамыз. Бірнеше миллион долларға қымбат әшекей емес, атақты суретшінің картинасын сатып алсаңыз қандай сезімде болар едіңіз? Мысалы, Сіз Мадонна, Брэд Питт және Леонардо Ди Каприоның жалпы құны 100 миллион доллардан асатын картиналар топтамалары бар екенін білмегеніңізге сенімдіміз. «Мәдениет порталы» мәдени тұлғалардың мәдени коллекциялары туралы сөз қозғамақ. Мархабат!

Леонардо Ди Каприоның коллекциясындағы атақты картиналар: Сальвадор Далидің «Шеваледегі шеру» (1,426 миллион доллар), Фрэнк Стелланың «Боз» (1 миллион доллар) және Уолтон Фордтың «Жолбарыстары», Жан-Мишель Баскияның «Бокс рингі», Такаши Муракамидің «Мононокэсі» (735 мың доллар). Леоның коллекциясындағы 200 картинаның ішінде Сальвадор Дали, Пабло Пикассо, Жан-Мишель Баския және тағы басқа атақты суретшілердің жұмыстары бар. 

Дэвид және Виктория Бекхэмдердің коллекциясындағы картина: Дэмиен Хирстің «Әкемнің қызы» (600 мың фунт)

Дэвид пен Виктория бұл суретті 2012 жылы қызы Харпер үшін Бристоль суретшісіне тапсырыс берген. Жұмыс «Әкесінің қызы» деп аталады, ал Дэмиен Хирстің жұмысы үшін Бекхэм жұп 600 мың фунт стерлинг төлеген. Сондай-ақ олардың топтамасында ағылшын концептуалды суретшілері, ағайынды Чапмандар мен атақты суретші Сэм Тейлор Вудтың картиналары бар. Дэвид пен Виктория коллекциясы 40 миллион долларға бағаланады.

Брэд Питт пен Анджелина Джолидің коллекцияларындағы картиналар: Нео Раухтың «Этаптары» (680 мың еуро), Бэнксидің «Love is in the Air» суреті (2 миллион доллар)

Брэд пен Анджелина танымал актер ретінде ғана емес, бүкіл Голливудтағы өнердің басты білгірлерінің бірі ретінде де танымал. Олар мезгіл-мезгіл беделді аукциондарға барып, олардан сүйікті суретшілерінің картиналарын сатып алуды машыққа айналдырған еді. Олардың арасында, «қолға түсе бермейтін» Бэнкси де бар. 2007 жылы ерлі-зайыптылар Лондондағы көше суретшілерінің көрмесіне барып, 2 миллион долларға Love is in the Air картинасын сатып алды. Өкінішке орай, актерлердің некелері 2019 жылы аяқталғаны үшін картиналардың тағдыры қазір қандай күйде екені белгісіз. Бізге тек белгілісі, өткен жылдың наурыз айында Джоли 2011 жылы Питт сыйлаған картинаны сатқаны ғана. Бұл Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилльдің 1943 жылы жазылған «Әл-Кутубия мешітінің мұнарасы» еңбегі. Аукционда жарияланған бастапқы баға 3,2 миллион долларды құрады, бірақ соңында оны белгісіз сатып алушы 11,5 миллион долларға сатып алған болатын.

Мадоннаның коллекциясындағы атақты картиналар: Фернан Легердің «Қызыл үстелдегі үш әйел» (3,2 миллион доллар), Фрида Калоның «Менің туған күнім», Пабло Пикассоның «Жас әйелдің бюсті».

Атақта Мадонна тек қана әнші ретінде ғана емес, 1980 жылдары аты аңызға айналған суретші Жан-Мишель Баскияпен кездескен жүргенде басталған өнерге деген сүйіспеншілігімен де танымал. Өкініштісі, екеуі айрылғаннан кейін Баския Мадонна сыйға тартқан барлық картиналарын кері қайтарып алып, қара түске бояп тастаған екен. 

Қазір әншінің коллекциясында 100 миллион доллар тұратын ондаған туынды бар. Ал Мадонна өзінің сүйікті картиналарын Фрида Калоның «Менің туғаным» және Фернан Легердің «Қызыл үстелдегі үш әйел» деп атайды. 

Элтон Джонның коллекциясындағы Кит Харингтің Атаусыз картинасы.

Элтон Джонның өнерді өлердей сүйетінін һәм көзкіз коллекционер екенін білетіндер аз. Ол көліктерді, көзілдіріктерді (оның 250-ден астамы бар), музыкалық жазбаларды, фотосуреттерді ғана емес, сонымен қатар картиналарды да жинайды. Аты аңызға айналған музыканттың коллекциясында Энди Уорхол, Филип Тафф, Кит Харинг және тағы басқалардың туындылары бар. Оның өнер туындыларын сатып алған нақты сомасы айтылмайды, бірақ бұл алты нөлден тұратын көрсеткіш екеніне сенімдіміз.

Джей Зи (Jay-Z)және Бейонсенің коллекциясындағы атақты картина Жан-Мишель Баскияның «Мессасы» (4,2 миллион доллар)

2014 жылы Бейонсе мен Джей-Зи Хэллоуин кешіне Фрида Кало мен Жан-Мишель Баскиая болып киінгені баршамызға аян. Аян болмаған күннің өзінде Батыс ақпарат құралдары бұл туралы сол кезде жан-жақты жазған болатын. 2018 жылы ерлі-зайыптылар әйгілі Мона Лизаның фонында Луврда түсірілген Apeshit бейнебаянын шығарды. Өткен жылы олар Тиффанидің жарнамалық науқанына қатысты, онда Джей-Зи қайтадан Жан-Мишель Баскияың бейнесінде пайда болды. Сондықтан, дәл осы суретшінің жұмысы Картер коллекциясында болуы таңқаларлық емес. 2013 жылы рэпер Sotheby's-тен 4,2 миллион долларға «Месса» картинасын сатып алған болатын.

Дайындаған madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...