Туған күннің денсаулыққа қатысы бар ма?

ТАНЫМ
14809

Нумерология деп аталатын ғылым барын бүгінде жұрт біледі. Бастауын көне замандардан алатын нумерологияға қатысты айтылатын қызық жайлар өте көп. Солардың бірқатары – адамның туған күніне қатысты сандардың оның денсаулық күйіне әсері туралы. Қажет еткен жандарға пайдасы тие жатар деген оймен біз бұған қатысты бұрын-соңды жарияланған жайлардан мағлұмат бере кеткенді жөн көрдік.


1. Егер туған күні кез келген айдың 1-і, 10-ы, 19-ы, 28-і болса, адамға «1» саны сәйкес келеді, өздерін мақтаныш еткенін қалайды, өзімшілдігі бар, менмен болып келеді, сонымен қатар өздерін қадағалай алады, әр нәрсеге мән бере қарайды. Егер ашық мінездері болса, оларды сәттіліктер күтеді.
Бұл – жалпы мінездеме. Жекелеп алғанда, нағыз «1»-дің адамдары, яңни айдың 1-іне туылғандар еркіндіксүйгіш, өзгеше, шығармашыл, епті, басшылыққа бейім.Дегенмен оларға ұстамдылық керек. 10-ына туылғандар да өмірде еркін, идеализмге, әртістікке бейім, ол қай нәрсені болса да басынан бастаудан қорықпайды, дегенмен кейде өз шамасын білмейді. 19-ына дүние есігін ашқандар болса, өте білікті, өзгелерге көп нәрсе үйрете алады. Батыл, іскер. Бірақ өркөкірек, менмендігі жетістіктерінің көбіне көрінбей қалуына себеп. Ал 28-іне дүниеге келгендер көбіне арманшыл, сезімтал болып келеді. Олардың ерік күші мығым.
«1»-дің адамдары негізінен жүрек, көз, астигматизм, қан айналымы, қан қысымының жоғарылығы ауруларына бейім. Бұл адамдарға мынадай өсімдік, жеміс, көкөніс, дәнді-дақылдар жағымды: түймедақ, шафран, қалампыр, мускат жаңғағы, қымыздық, лаванда, апельсин, лимон, финик, жүзім, зімбір, арпа. Олар әселді көбірек пайдалансын. Өмірінің 10-шы, 19-шы, 28-ші, 37-ші, 46-шы, 55-ші және 64-ші жылдары оларға жағымды да, жағымсыз да өзгерістер әкелуі мүмкін.


2. 2-ші, 11-ші, 20-шы және 29-шы күндері дүниеге келгендерге «2» саны сәйкес. Оларда өзіне сенімсіздік, мінездің тұрақсыздығы байқалады, олардың нақты бір шешімге келуі қиын. Олар ақылды, сезімтал, әзілді жақсы түсінеді, сонымен қатар ашуға берілгіш, көңіл-күйі тез өзгереді, оларды түсіне, қолдай білу қажет.
Айдың 2-сіне туылғандар – сезімтал, аңғарымпаз, түйсігі мықты, ұстамды, ашық-жарқын, момын мінезді. Мұндайлардың есте ұстар нәрсесі – тым момын болып, өзгелерді басындырып жібермеуі керек. 11-іне туылғандардың ішкі түйсігі мықты, сезімтал, көрегендігі бар, жігері мықты, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Бірақ тұйыққа тірелген жағдайда кейде шыдамсыздық, тіпті қатыгездік танытуы мүмкін. 20-сына туылғандар – көпшілікпен тіл табыса білетін, қарым-қатынаста тартымды жандар, дауыстары жақсы, олардан әншілер көп шығады. Ал 29-ына өмірге келгендер – арманшыл жандар. Олар үшін ең дұрысы – бастаған істі ақырына дейін жеткізу, шамадан тыс іске қойып кетулеріне болмайды.
«2»-нің адамдарында ас қорыту жолдарының аурулары жиі кездеседі. Оларға негізінен салат жапырағы, қияр, қауын, зығыр дәні, банан, цикорий жағымды әсерлі. Өмірінің 11-ші, 20-шы, 29-шы, 38-ші, 47-ші, 56-шы және 65-ші жылдары өзгерістер әкелуі ықтимал.


3. Ал «3»-тің адамдары – айдың 3, 12, 21, 30-ы кұні өмірге келгендер. Оларға көбіне сәттілік жолдас. Бірақ бұл тәртіпті, мейірімді, қамқор болған жағдайда ғана. Олар шығармашылыққа бейім. Кемшілігі – мақтанқұмар, кейде өтірік айтады, кейде жаңғалақтығы, жеңілтектігі, жөнсіз «еркелігі» бар. Айдың 3-іне туғандар – ашық мінезді, әртістікке бейім, біліктілігі жоғары адамдар, өздерін ашық көрсете біледі, әзіл-қалжыңға жақын. Ең басты мінездері – ашықтық, шынайылық, өркөкірек, менмендігі де бар. 12-чіне туылғандар іскер, ұстамдылығымен, әр нәрсеге мән бере қарайтын ойлылығымен ерекшеленеді, аянып-қорқақтамайтын ерекшелігі көп қиындықтарды жеңуіне жол ашады. Ал 21-іне өмірге келгендер – жайлы, ьақуат өмірге құштар, әр нәрсеге өзіндік талғамы бар жандар. Кемшілігі – өзгелерге тым әрі аса талап қойғыш, жеңілтек. 30-ына туылғандар ашық-жарқын, түйсігі жоғары, қиялы жүйрік, шығармашыл адамдар, бәрін дер кезінде орындауға тырысады.
«3»-тің адамдарында көбіне жүйкедегі қалыпсыздықтар, нефрит, ишиас, түрлі тері аурулары кездеседі. Оларға тиімді шөптер мен жемістер: қаражидек (черника), қояншөп (спаржа), цикорий, алмұрт, маслина, рауғаш (ревень), тұшала (крыжовник), анар, жүзім, мускат жаңғағы. түймедақ, сарымсақ, миндаль, інжір, жаңғақтар, бидай. Денсаулығындағы өзгерістер өмірінің 12-ші, 21-ші, 30-шы, 39-шы, 48-ші, 57-ші, 66-шы жылдарында орын алады. 


4. «4»-ке тиесілі адамдар – айдың 4-іне, 13-іне, 22-сіне, 31-іне туылған, қатаң мінезді, жаңаға, идеяға құмар адамдар. Негізінен екі түрі кездеседі: біріншілері – тұйық, өзара түсіністігі мол, зиялы ортаны қалайтындар, ал екіншілері – қызғаншақ, көре алмайтын, кеп сөйлеп, аз жұмыс тындыратын жандар. Жалпы, олар өз бойларында адалдық, әділдік, ұстамдылық сияқты мінез қалыптастырғандары жақсы. Айдың 4-іне туылғандар ұқыпты, даңққұмар, бірбеткей, құпия мінезді болып та келеді. 13-іне туылғандар еңбекқұмарлығымен ерекшеленеді. 22-сіне өмірге келгендер сезімтал, әмбебап ойшыл, бірақ тым ұстамсыз. Ал 31-іне дүние есігін ашқандары – бастамашыл, шешімді тез жасайды, олардан мықты бизнесмендер шығады.
«4»-тің адамдарына диагноз қойылуы қиын кінәраттар үйір, олар көңіл-күйдің пәс тартуына, анемияға, бас, бел ауруларына бейім. Шпинат, шалфей шөптері оларға жағымды. Өмірінің 13, 22, 31, 40, 49, 58, 67-ші жылдарында өзгерістер орын алады.


5. Айдың 5, 14, 23-ші жұлдызында туылғандар – еркіндікке, бостандыққа құмар жандар. Оларды бір жағынан алыс сапар, қызықтар шақырса, екіншіден үйдегі үйлесімділік жандарына жайлы әсер етеді. Олар тартымды, жол тапқыш, тез бейміделгіш. Дегенмен қызғаншақтығы, тұрақсыздығы, шыдамсыздығы мен даңққұмарлығы да бар. Қайырым-мейірімді болса, өмірге, адамдарға құрметпен қараса жолдары ашылады. 5-інде туылғандар – көп білгісі келетін, ақылды, тіл тапқыш адамдар, бірақ өз ұстанымдарын жиі өзгертетіндері бар. Жоғары моральдық қасиеттері бар, кеңестері көбіне пайдалы болып шығады. Бірақ олар осы ерекшеліктерін тым «дамытып» жібермеуі керек, әйтпесе жұртты жалықтырып алуы мүмкін. 14-іне туылғандардың мінезі жұғымды, келісімге, түсіністікке бейім, Дегенмен көңіл-күйдің тұрақсыздығы, өзгенің ақылына байлану кейде оларды тығырыққа тірейді. Ал 23-іне туылғандар мықты жандар, аңғарымпаз, көпшілікпен жұмыс істеуге бейім. Есте сақтар нәрсе – ұстамды, төзімді болуы, кенеттен келетін ашудан сақтана білуі керек.
«5»-тің адамдарына өз жүйкесін өзі тоздыру тән. Ұйқы, демалыс – олар үшін емнің ең қажетті түрі. Сәбіз, сұлы, петрушка, шампиньондар, зере, жаңғақтар оларға жағымды. Өмірінің 14, 23, 32, 41, 50, 59, 68-ші жылдарында өзгерістер бар.

6. Айдың 6, 15, 24-ші күндері туылғандар қызметте тез көтеріледі, адал, кәсіби біліктілікке бейім, жауапкершілікті мойнына алудан қорықпайды. Ашық-жарқын мінезді, өмірді сүйеді. 6-сына туылғандарда көңілдің жастығы айқын сезіліп тұрады, ашық мінезді, жомарт, жаңа кездесулерге ұмтылып тұрады. Кемшілігі –күмәншіл, шешімге келуі қиын. 15-іне туылғандар тартымды, осыны пайдаланып бағындыруға, басқаруға ұмтылады, күш-қуаты мол, материалдық байлықты билік көзі деп ұғады. Тым сезімтал, құмарлық ойсыз істерге ұрындыратын кездері бар. 24-іне туылғандар – үйдегі ынтымақ, үйлесімге бейімдер, көп күнін жеке өмірге арнайды. Дегенмен бұл қызметте өсулеріне кедергі келтіруі мүмкін.
Олар тамақ, мұрын, ауыз қуысы ауруларына бейім. Жасы ұлғая келе жүрегі, қан айналымы нашарлайды. Бұршақтұқымдастар, шпинат, кәді (кабачок), жалбыз, қауын, анар, алма, алмұрт, өрік, інжір, грек жаңғағы, миндаль оларға жағымды. Өмірінің 15-ші, 24-ші, 33-ші, 42-ші, 51-ші, 60-шы, 69-шы жылдарында өзгерістер бар. 


7. «7»-нің адамдары – айдың 7, 16, 25 жұлдызында туылғандар өмірге философ көзімен қарайды, әсіресе эзотериялық ғылымға бейім, бейбітшілік пен тыныштықты сүйеді, интеллектуалдық, артық-кемсіз ойшыл, батыл. Бірақ билікқұмарлық, мақтанқұмарлық, менмендік кесірін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ олар көре алмаушылық, жалқаулық, арсыздық сияқты жаман мінездерді жеңе білгендері өздеріне жақсы. 7-сіне туылғандары – бірбеткей, өзгеше, ерік-күші мығым, көріпкелдікке бейім, ақылы жүйрік жандар. 16-сына өмірге келгендері көңіл-күйі тез өзгеретін, қамқорлық пен түсіністікке мұқтаж жандар болып келеді. Оларға өмірдің түрлі жағдайларында ұстамды болуға кеңес беріледі, әйтпесе жайсыздықтарға ұрынуы мүмкін. Сондай-ақ менмендік пен даңққұмарлықтан да абйлаулары керек. Ал 25-іне туылғандарда ішкі түйсік жақсы дамыған, оларда эзотериялық нәрселерге қызығу басым. Өз мүмкіндіктерін асыра бағалау жиі кездеседі. Табысқа жетуі үшін дұрыс жоспарлау, ретімен, орнымен әрекет етулері керек.
«7»-нің адамдары түрлі ауруларға бейім. Денсаулығы жақсы кезде қиындықтардан қиналмай өтеді, ал егер бірдеңе мазаласа, көңіл-күйлері түсіп, жол таппай қиналады. Терілері нәзік, терлегіш, бүлінгіш. Оларға салат жапырағы, капуста, зығыр дәні, қозықұйрық, қымыздық, алма, жүзім, кез келген жеміс шырыны пайдалы. Өмірінің 7, 16, 25, 34, 43, 52, 61, 70 жылдарында денсаулығында өзгерістер орын алады.


8. Айдың 8, 17, 26-сы күндері туылғандар негізінен мейірімді, ешкімге жамандық ойламайтын жандар, жомарттық, альтуризм, білімге құмарлық, табандылық. іскерлік, мызғымастық осыларға тән. Танымал болуы үшін көп еңбек етуі керек. Оларға көп уақытын медитация мен құлшылық етіп, дұға жасауға арнауға кеңес беріледі, бұл туабітті жағымсыз бағдарламалардан арылуға жәрдем береді. Айдың 8-іне туылғандары – табысқа бейім, орындаушылық қабілеті жоғары, тәртіпті, ұстамды жандар. Ішкі үйлесімді бұзбас үшін өзін көбіне салқын ұстайды. 17-сіне туылғандарына мейірімділік пен жұмсақтық тән, олар отбасындағы молшылықты армандайды, үйлесімді, әдемі киінеді. Ал 26-сына туылғандар ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, үй мен отбасы олар үшін – мақтаныш көзі. Іскерлігі арқасында материалдық жетістіктерге жетеді.
«8»-дің адамдарында бауыр, өт қабы, ішек, бас аурулары, ревматизм жиі кездеседі. Оларға өсімдіктекті азықтар жағымды. Шпинат, банан, жолжелкен, шалфей, сельдерей жақсы әсер етеді. Өмірінің 17, 26, 35, 44, 53, 62, 71-ші жылдарында денсаулығында өзгерістер орын орын алуы мүмкін.


9. «9»-дың адамдары – айдың 9-ы, 18-і және 27-сінде туылғандар, олар олардың басында идея жиі туындайды, соған жету жолында мақсат қойып, табандылық көрсетуімен ерекшеленеді. Жаны жомарт, қолы ашық жандар, қамқоршы болуды ұнатады. Олар кекшіл емес, өзінде ашу-ыза сақтамайды, кешірімшіл, сүйе біледі. Дегенмен осы махаббаттың тез туындап, тез сөнетін кездері де болып тұрады. Олар эгоизм мен өзіне тым қатты сенуден абайлауы керек. Көбіне өз мүддесін ұмыта тұрып қоғамға қызмет етуге, қамқорлық көрсетуге бейім. 9-ына туылғандары – білімге құштар, әртістікке, гуманизмге бейім, ақылды, жомарт, ашық мінезді адамдар. Дегенмен өмірдің мәні туралы көп ойланады, сондықтан тұйық, салқындау болып келеді. 18-іне туылғандары негізінен еркіндіксүйгіш, өз ісіне мығым жандар. Бірақ оларға көбіне өмір шындығына сәйкес келмейтін ұстаным, үміттері кедергі келтіреді. Ал 27-сіне туылғандары – жан-жақты, шешімге тез келетін, эмоцияға бейім, жүйкесі ширыққыш жандар, олар рухани ізденістерге құштар үлкен жүректі идеалистер. Өмір мәнін терең түсінуге ұмтылады.
«9»-дың адамдарында қызу көтерілуі, қызылшаға (корь, ветрянка, скарлатина) бейімділік байқалады.
Ауыр тағамдарды шектегені, алкогольге құмар болмағаны жақсы. Пияз, сарымсақ, желкек, эусан, зімбір, келімдәрі, рапс, құлмақ оларға жағымды. Денсаулық күйі үшін маңызды жылдар – өмірінің 18, 27, 36, 45, 54, 63, 72 жастағы кезеңдері.
...Нумерологтар осылай дейді. Өз «саныңызға» ой жіберіп көріңіз. Мүмкін пайдасы тиер...

"Ауырмаңыз" газеті

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...