1918 жылдың күзінде Омбы қаласына келіп арып-ашып, азын-аулақ қаражатын вокзалда ұрлатып мүсәпір күй...
ХХ ғасырдағы өзгеше өнертабыстар
ХХ ғасырда көпшілікке қабылдау қиынға соққан ерекше өнертабыстар бар. Солардың бірсыпырасын сіздермен бөліспекпіз.
Бұл иілген, жіңішке темір бетіне шұңқыр жасағысы келетін ханымдарға арналған.
Ал мына бір қызық өнертабыс көпшіліктің көкейіне біраз сұрақ ұялатары анық. Алайда, бұл щетканы ойлап тапқан өнертапқыш тақырбастарға бұл құрылғысыз қиын екеніне сенім білдіреді.
Суға төзімді кірпік тушы ойлап табылмастан бұрын, ханымдар макияждарын сақтау үшін осындай бетперде қолданған.
Сондай-ақ, серфингке арналған бұл моторлы тақтай нағыз сәнқойларға арналған көрінеді.
Бұл көпірді чемодан немесе сөмкеге салып, өзіңмен алып жүруге болады. Мүмкін қажет болып қалар.
Жатып оқуды ұнататындар үшін бұл таптырмас құрал. Осы көзілдіріктің көмегімен төсекте жатып оқи беруге болады. Сондай-ақ көзілдіріктің көзге зияны жоқ.
Келесі өнертабыс бөбектерді қаланың шарттары аясында сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда сезімдерге әсер ететін 3д көзілдіріктер осы бір телекөзілдіріктерден бастау алған болса керек.
Жатып оқуды ұнататындар үшін тағы бір өнертабыс.
ХХ ғасырдағы адамдардың басым бөлігі киюге қысылатын киімдердің бірі осы құтқару жилеттері.
Ал мына өнертабыс көрер көзге қызық. Өнертапқыштың пікірінше, балаларын осылай тасып жүру ата-ана үшін ыңғайлы.
Ұрылардан қорғану үшін бүгінде әркім өзінше сақтық шараларын жасап жатады. Ал бұл ХХ ғасырдағы нұсқа. Ұры дипломатты ұстаған кезде батырма басылып, чемодан ашылып, ішіндегісі сыртқа шашылады.
Бұл қызық өнертабыс голливуд жұлдыздарына арналған. Аталмыш құрал кешкі ойын-сауықтан кейінгі шаршауға қарамастан мінсіз болуға жағдай жасайды.
Өнертабыс иесінің ойынша осындай тігін машинасы бар велосипед әр отбасыға керек екен :)
Бұл сөмкеге ұқсас құрылғы саунаның нағыз жанкүйерлеріне арналған.
Қазіргі таңда қолымыздағы ақылды смартфондар бізге әуен тыңдап, фильм көруге, сонымен қатар, жаңалық оқуға мүмкіндік береді. Ал, бұрын оқиғадан үнемі хабардар болып отыру үшін осындай радиоқалпақтар қолданылған.
Арқаңды көрсететін айнасы бар щетка. Бұдан ыңғайлы не болуы мүмкін?
Тағы бір душқа арналған тамаша құрал.
Бұл өнертабыстың атауы әлі де болса белгісіз. Аяқ велосипедтері десек пе екен, әлде дұрысы тепкіші бар ролик деу ме?
Екеуі біреуінде деген бертінде ғана шыққан ұғым емес екен. Бұл роликті коньки.