Елдес Орда. Қазақтың Қашқарияда қалған ізі

ТАРИХ
1485

Қытай жұртына қарасты Қашқария өңірінде қазақ атымен аталынатын елді-мекендер бар. Картаға ресми түрде «Қазақ ауылы» деген атпен енгізілген. 



Қазақ есімімен аталатын жер-су атаулары Қашқарияға қарасты мына үш үлкен аймақта кездеседі:

Ақсу аймағы;

Қашқар аймағы;

Хотан аймағы;

Ақсу мен Қашқар аймағында қазақ деген атпен бір-бір елді-мекен кездессе, Хотан аймағында қазақ аты жеке-жеке «Башқазақ ауылы» және «Аяққықазақ ауылы» деп екі бірлей жерде сақталыпты. 

Қашқарияға қазақтар қашан келді?

Бірінші, Қазақ хандығы кезеңдерінде аяқ басқан. Оның өзі екі категорияға бөліп қарастыруға болады: 

1. Қазақ хан-сұлтандарының саяси билігі күшейген дәуір; 

2. Қазақ хандығының әлсіреген кезеңдерінде; 

Әуелгі кезде қазақ сұлтандары Қашқария әмірлігімен дипломатиялық қатынастартармен бірге құдандалық байланыс орнатқан. Кейінгі кезде яғни Қазақ хандығының әлсіреген кезеңінде атап айтар болсақ «Қатаған қырғыны» кезінде бірбөлім рулар Қашқарияға асып кеткен. 

Екінші, Кенесары және Сыдық сұлтан кезеңінде қазақ рулары Қашқарияға барған. Әсіресе Сыдық сұлтан кезінде қазақтар Яқұп-бек елімен ынтымақтаса отырып Қашқарияда ортақ әскери һәм саяси іс-қимылдар жасады. 

Үшінші, 1916 жылғы ұлт-азаттық төңкерісі кезеңдерінде қазақ рулары жүз мыңдап Қашқарияға қарасты аймақтарға ағылды. Сол кезде Хотан, Қашқар сияқты шалғай аймақтарға шұбырған қазақтардың дені еліне кері қайта алмай тұрғылықты халықтарға сіңіп кетті. 

Төртінші, 1890-1905 ж.ж Алтай және Боғда (Еренқабырға) қазақтары Қашқарияға ат ізін сала бастады. Жүздеген түтін ел Қашқариядан бөлек Тибет шыңдарын артқа тастап, Үндістан шекарасына дейін барды. 

Бесінші, ХХ ғасырдың 30 жылдары Алтай және Баркөл қазақтары Гансу, Цинхай өлкесіне ауа көшті. Сол кезде аз санды бірбөлім қазақтар Қашқарияға қарасты аудандарға келді. 

Алтыншы, 1949-51 ж.ж Еренқабырға, Алтай және Баркөл қазақтары Қашқарияны басып, тіке Тибет еліне асты. Олардың арасында көштен адасып кеткендер немесе жаудың қоршауында қалып ұсталып қалғандар да болды.

Әсіресе Қашқариядағы құмды шөлді кесіп өту қазақтар үшін өте ауыр келді. Көшкен елдің жартысынан көбі орта жолда еліне кері қайтты. 

Жетінші, 1958 ж.ж жүздеген қазақтар Қашқарияға жер аударылды. Алды 20 жылдан астам уақыт еңбекпен түзеу лагерінде қамалды. Небір ел бастаған егейлер мен зиялы жас қазақтар Қашқарияға сүргінге айдалды. 

Қашқариядағы кейбір жер-су атауларының лингвистикалық ерекшеліктері өте қызық. Яғни Қарлұқ тіл тобына тән халықтардан (ұйғыр) көбірек Қыпшақ тіл тобына жақын. Былайша айтқанда кейбір жер-су есімдері қазақша қойылған. 

Автордың ФБ парақшасынан


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...