Нұр-Сұлтанда балалар инклюзивті театры жұмысын қайта бастады. Аутизм, сал ауруына шалдыққан, арнайы...
«ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ...»
Айналасының бірін – алдап, бірін – арбап, өз үйін өзі жалдап, өз өрісін өзі жалмап, өз жерінен өзі жерініп, топырақ жеп, батпақ тышқан пәруәрдігерлерден құтыла алмай жүргенде көк жәшіктің ішінен көзбояаушылық пен сөзбояушылықтан әрі аса алмайтын «тіл безегіш шоумендер» көрерменнің көзіне көк шыбын үймелетіп айдаладағы Боратқа миымыз өртеніп жүргенде айналадағы Бораттар намысымызға сарып жатқанын неге айтпаймыз? «Қалаулым», «Кел, келінім», «Өз ойым» деген дүниелерің нас бастырып, тақ-тұқ тазша балалар мен қыздарың тас қаптырып, қырсыз қырттарың қысыр сөзбен алдап, өзге жұрттың қаңсығын жең ұшынан жалғап, өзіміздің басымызға өзіміз қоқыс төгіп жүргенімізге мәзбіз.
Ар-намысымыздың ақ сауытын Алдаркөсенің алба-жұлба тонына айырбастап, ақымақ болып жүргенімізге күлеміз келіп...
Бұл күлкінің соңы жылау екенін неге ұқпаймыз?
Ақиқатты айта алмай бұққан сайын,
Шындықты ащы шайнап,
Ішіме жұтқан сайын,
Ар-намысыммен ұтылған сайын,
Жаhандануға жұтылған сайын,
Менің де ділім – қатты, тілім – ащы!..
«ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ...»
Ал, сіз, тыңдаңыз!
Ақтарылып айтар сырым да – осы,
Шырылдап айтар шыным да – осы!
20 сәуір күні (СЕНБІ) сағат 18.30-да Әуезов театрына келіңіздер, көріңіздер!
Қайта айналып келетін бақыт болғанмен,
Қайта айналып көретін уақыт болмайды...
(Реж. Асxат Маемиров,
Авт. Бақыт Беделxан).