Театр - хас өнердің айнасы. Айна лас болса өнер көрінбейді. Бұлыңғыр. Театрдың айнасын кімдер сүртпе...
Алматыда «Салтанат» би ансамблінің 71-ші концерттік маусымы ашылды
Фотосурет
Ұлттық би өнерінің бай мұрасын дәріптеп, қазақ хореографиясын әлемдік мәдени кеңістікпен сабақтастырып келе жатқан «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі кезекті шығармашылық маусымын ашты.
Алматыдағы Almaty Theatre сахнасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 71-ші концерттік маусымына арналған «Ұлыларға тағзым» атты салтанатты концерт өтті.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған шығармашылық кеш ұлттық хореографияның үздік үлгілерін және Азия халықтарының мәдени алуандығын танытуға арналды.
Ұлттық хореографияның алтын қоры
Екі бөлімнен тұратын концерттің алғашқы бөлімі «Ұлыларға тағзым» деп аталды. Бағдарламада қазақтың көрнекті композиторларының шығармаларына қойылған хореографиялық композициялар мен ұлттық би өнерінің алтын қорына енген әйгілі балетмейстерлердің туындылары ұсынылды.
Ансамбль «Salt Sound» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен өнер көрсетіп, ұлттық музыка мен би өнерінің көркемдік үндестігін сахнада паш етті.
«Азия аңыздары»: жаңа қойылымдар премьерасы
Концерттің екінші бөлімінде Азия халықтарының дәстүрлі билері біртұтас көркемдік тұжырымдама аясында көрермен назарына ұсынылды.
«Азия аңыздары» бағдарламасының басты ерекшелігі – түрік және қытай халықтарының жаңа би қойылымдарының премьерасы болды.
Шығармашылық кеш аншлагпен өтті. Көрермендер әрбір қойылымды ыстық ықыласпен қабылдап, өнер ұжымына қошемет көрсетті.
«Салтанат» ансамблінің жаңа маусымы ұлттық мәдени мұраны сақтау, кәсіби хореографияны дамыту және халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайту тұрғысынан маңызды оқиға болды.