Михаил Шайдоровқа Ұлттық Олимпиада комитетінің ең жоғары наградасы табысталды

Фото: olympic.kz

СПОРТ
110

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты арнайы орденмен марапаттады. Спортшыға ҰОК-тің ең жоғары наградасы табысталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

25 қарашада Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтті. Жиында еліміздің спорт саласын дамытуға және Олимпиадалық қозғалысты ілгерілетуге елеулі үлес қосқан спортшылар мен мамандар марапатталды.

Салтанатты рәсім барысында Геннадий Головкин 2026 жылы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа Ұлттық Олимпиада комитетінің орденін табыстады. Бұл – Қазақстан ҰОК-інің ең жоғары марапаты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Шу қаласында басынан ауыр жарақат алған әйел комаға түсті. «НеМолчи.kz»...

ТЕАТР

Ұлттық би өнерінің бай мұрасын дәріптеп, қазақ хореографиясын әлемдік мәдени кеңістікпен сабақтастыр...