Асанәлі Әшімов театрында “Томирис” спектаклінің премьерасы өтті

Фото: Театр архивінен

ТЕАТР
534

2026 жылғы 30 маусымда Асанәлі Әшімовтеатрында Б.Жандарбековтың «Томирис» спектаклінің премьерасы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.


Театр ұжымы
Ұлы Дала тарихындағы айбынды тұлғалардың біріТомирис патшайымның тағдырын жаңа көркемдік шешіммен сахналады. Спектакль соғыс тарихынан гөрі, ел тағдыры мен аналық жүректің арасындағы күрделі таңдау, билікпен адамдық құндылықтардың тартысы туралы сыр шертеді.

Қойылымның режиссеріГауһар Адай. Басты кейіпкер Томирис образын Мадина Оспан сомдады. Рүстем рөлін Ислам Есжан, Кир бейнесін Бердаулет Саяхат, ал Бахтияр рөлін Мұхтар Қосыбай орындады.


Спектакль
көрерменді махаббат пен сатқындық, парыз бен сезім, жеңіс пен құрбандық ұғымдары төңірегінде терең ойға жетелейді. Қойылымның өзегінде «Жеткен жеңіс шын мәнінде жеңіс пе, әлде оның құны адам үшін тым ауыр мадеген мәңгілік сауал жатыр.

Сахналық символизм мен поэтикалық шешімдерге құрылған перформанс көрермен тарапынан ыстық ықыласқа ие болып, премьера жоғары деңгейде өтті. «Томирис» спектаклі тарихи тұлғаның тағдырын бүгінгі заманның адамгершілік, жауапкершілік және таңдау мәселелерімен сабақтастыра отырып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда скринигтің арқасында 215-тен аса науқастан қатерлі ісіктің ерте сатысы анықталды. Бұл турал...