Нұрхалық Абдырақын. Ұят болады...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
969

(Ұлттың тамыры қайда?)

Қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс. Елдің болашағы бүгінгі жастар екенін ескерсек, балалар арасындағы қылмыстың көбеюі мемлекетіміз үшін, ұлтымыз үшін өте алаңдатарлық жағдай. Соңғы кезде мектептердегі жағымсыз жағдайлар әрбір Қазақстан азаматын ойландырғаны анық. 

2022 жылдың қаңтар-мамырында еліміздің аумағында 574 жасөспірім қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Бұл бір жыл бұрынғы деректен 8,1 пайызға артық. Оның ішінде 38 жасөспірім жат қылық танытса, 536-сы қылмысқа барған. Ал заңмен қудаланатын әрекетке барғандардың ішінде 254 - орташа ауыр, 225-і - ауыр, 44-і - кішігірім ауыр, 13-і - аса ауыр қылмыс жасаған.. https://www.inform.kz/kz/zhasospirimder-arasynda-kylmys-belen-alyp-barady_a3950092 

Баланың азамат болып қалыптасуында ұстаздардың орны ерекше. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» дегенді ұлы Абай жайдан жай айтқан жоқ?! Ахмет Байтұрысынұлы «жақсы ұстаз мектептің жүрегі» деді емес пе? Барлық нәрсені оның берген оң және теріс нәтижесіне қарап бағалайды.

Адам өз ұрпағына дұрыс тәрбиеден басқа ештеңе бере алмайды, ал дұрыс тәрбие алған ұрпақ білімді ең жақсы түрде алады, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Бала ақ пен қараны, обал мен сауапты, ұят пен арды, адал мен арамды, жақсы мен жаманды, қас пен досты білетін болғанда нағыз адамдық жолға түседі. Қазақ «ұят болады» деген осы сөзбен, отбасын, елді, дінді, ділді т.б. барлығын ұстап тұрған. Қазақ ұяты барды текті, ұяты жоқты тексіз деп бағалаған. Асалаумағалайкум, Уағалайкумассалам, кімнің баласысың, атаңның аты кім ....е...Марқұм атаң жақсы, текті кісі еді, жақсының тұқымы екенсің деп атынан түсіп, қалтасындағы тәтті-тәмегін, құртын беріп бетіңнен сүйіп кете баратын аталар болушы еді бұрынырақта. Міне қазақи тәрбие.

 «Ұят болады»...қазақ баласын да басқаны да өзін де барлық істе ұят болады...деп сол «ар көпрінің» аржағына өтпейді...

Қазақ салт-дәстүрі, діні, елдігі, отбасы бәр-бәрі ұят боладының ішіне сиған.

Әдеп болмаса, ұят болмаса адам адамдық санаттан шығады. 

Отан оттан ыстық. Ел деген ерен ұғым, сезінген жанға шексіз бақыт сыйлайтын, өлмес рух беретін, тамаша мінез қалыптастыратын шын дәрумен. Ұлтты сақтап қалу үшін кешегі қиын заманда қызыл үкімтке бастарын берген Алаш көсемдері, ұлт зиялылары не істеді, не жазды, бүгінгі зиялылар бейбіт күнде не жазып, не істеп жүр?.. Олар сондай күрделі саяси жағдайдың өзінде неге өздері оқулық жазды? Мағжан Жұмабай атамыздың жазған педагогикасы, Ахмет Байтұрсынұлы оқу кітабы, қазақ грмматикасы, араб жазуы негізінде қазақ әлфиін жасауы не үшін?! 

Білім екі түрлі, бірі бізге Құдай Тағала парыз еткен ертең үлкен сұрағы бар Илаһи ілім, екіншісі жанбағыс үшін өзіміз таңдаған міндетті білім. Енді бала тәрбисінде Құдайдың бар екенін ғылыми түрде ұғындырып, ғылымның бәрі Алланың ілімі екенін айтып, дін мен ғылымды қарсы қоймай тәрбие берсе, екі перштенің иығында амал дәптеріне бәрін жазып оытрғанын түсіндірсе ол адамнан қандай жамандық шығады. Қазақ «Құдайдан қорықпағаннан қорық» демей ме? Алғашқы Құран сөзі "оқы" дегенін ұғындырып ер әйел, кәрі жастың білім алуы парыз екенін айтса оның несі қате болады. Кешегі Машһұр Жүсіп Көпейұлы, Абай, Алаш арыстары Әлихан, Ахмет, Мыржақыптардың қайсысы Илаһи білім алмады. Солай Жартушының дұрыс танып ғылым көгіне қанат қақпады ма? Дінін білмеген адам шала жансар. Бұл қазақы тәрбиенің бір ұшы. Барша қоғам болып өз тамырымызды іздеуіміз керек. Ұлттың тамыры қайда? 

Тәрбиесіз, талғаусыз берілген білім мен рухани қуаты жоқ дүниенің болашағы қашанда бұлыңғыр. «Баланы жастан...» деген тағылымды сөз қалдырған ата-бабаларымыз бұрын иманнан безген, өз ортасында бүлік шығарғандарды бір-ақ ауыз сөзбен тоқтатып, тентегін тезге салып отырған. Сол қазақы тәрбиенің тізгінін босатпау – бүгінгі әрбір ата-анаға, әрбір мектепке үлкен сын. Жас ұрпақ тәрбиесіне аса жаупкершілікпен қараумыз керек.

Білім беру ошақтарында қазақы тәрбие жүйесі қалыптаспаған, барлық іш-шаралар құр науқаншылдық. Мектеп тәрбиесі әуелде баланы, одан ата-анасын қоқыту, үркітумен шектелуде. Демек, баланың жүрегіне, жанына жетпейді. Мектептің өзінде балаларымыз телефон ұстайды, сабақтан қолы қалт етсе ғаламтордың ішінде тұншығады....Біз тек сыртқы тәніне қарап мәз болып жүрміз, адам тек ішкі әлемімен ғана адам болмақ. Соған үңіліп мәнді ізеп тәрбие беру керекпіз. 

Мектеп әуелде адам тәрбиелеп отыр, сосын маман, ғалым. Қоғамға пайдалы жақсы бастық, жақсы ғалым, жақсы жұмыскер, жақсы дәрігер, жақсы оқушы, жақсы сақшы, жақсы сот, жақсы мұғалім, жақсы әке, жақсы ана, жақсы күзетші, жақсы арбакеш керек.

Қазақстан болашағы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Оларға біз не тәрбие беріп, қандай өнеге көрсетудеміз? 

Сөздің соңын Әл-Фараби бабамыз «Қайырымды қала» еңбегіне сілтеме жасап түйіндейін: Адамдар бір-біріне әсер етеді. Өмір сүретін орта жанға жайлы болғанда, ақылды орта, ақылды адам, ақылды ұрпақ, ақылды тұрғын, ақылды қала қалыптасады. Сонда ғана бақытты өмір басталады дейді. Мемлекетте рухани- адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгілік пайда болады. Рухани құндылықтар ғана бір елді сақтай алады. Қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан келеді. Сонда ғана қайырымды да ақылды қала құруға болады. 

Жастар білімді, иманды, рухы биік болса ұлт болашағы жарқын болады.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті доценті, PhD доктор, жазушы.

Суретті түсірген Оңғарбек Алхаров

Мәдениет порталы

author

Нұрхалық Абдырақын

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...