Америкада қазақстандық боксшының үйі өртеніп кетті

Фото: видеодан скриншот

MADENI TV
1501

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің Лос-Анджелестегі үйі өртенді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Боксшының айтуынша, өрт шамамен түскі төрттер шамасында, отбасы ауызашарға досының үйіне баруға дайындалып жатқан кезде басталған.

Үйдің ішінен күйік иісін сездім. Үйдегілерден: “Бірдеңе жанып жатқан жоқ па, тамақ күйіп кеткен жоқ па?” деп сұрадым. Олар: "Жоқ, бәрі дұрыс", – деді. Бір кезде гаражды ашсам, үйдің жартысы жанып жатыр, айнала қап-қара түтін. Біз отбасы мүшелерінің бәрін сыртқа алып шығуға үлгердік, – дейді боксшы.

Белгілі болғандай, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғадан кейін спортшының отбасы уақытша достарының үйіне орналасқан. 

Шоу-бизнес

Актер, Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев бір жыл ішінде өмірінде болған өзгерістер мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитінде ұйымды институционалдық...