Елордада «Astana Art Show» көрмесі өтіп жатыр

MADENI TV
2996

Астанаға суретшілер, мүсіншілер мен фотографтар жиналды. Олар ASTANA ART SHOW көрмесіне қатысып жатыр. 

Отандық және шетелдік өнер иелері  өз туындыларында қазіргі заманның бет-бейнесін өзгеше бағытта беруге тырысқан. Шара аясында танымал қылқалам шеберлері  дәріс оқып,  шеберлік сабақтарын өткізеді. Ал балаларды ойын-сауық бағдарламалары күтеді. Көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.   

Әсел Ахметжанова, «Astana Art Show» көрмесінің кураторы:

 - Бұл жастарға арналған көрме. Шараға 40-қа жуық шығармашылық өкілдері қатысты. Дені жастар. Мұнда қойылған жұмыстардың басым бөлігі ірі халықаралық көрмелерге қойылып, халықтың бағасын алған. Осы Astana Art Show-қа  арнап жасалған жобалар да бар.

Madenietportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...