“Қатал мінезді күйеу — үлкен сый”: Әйелдерге ақыл айтқан коуч сынның астында қалды

Фото: әлеуметтік желіден

MADENI TV
229

Діни коуч ретінде танымал Марзия Бекайдардың подкастынан алынған үзінді видеода айтылған пікір қызу талқылауға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тараған видеоға тек қазақстандықтар ғана емес, көршілес мемлекеттердің де желі қолданушылары алаңдаушылық танытты. Әсіресе пікір қалдырған әйелдер тарапынан қатты наразылық байқалды. Олар керісінше өздерінің ойларын айтып, коучтың сөзіне келіспейтіндерін жасырмаған. 

Үзіндіде мынадай сөздер айтылады:

«Сені тәрбиелеп, саған қатал бола алатын күйеу — Алланың жіберген нығметі. Қатал мінезді күйеу — үлкен сый».

Бұл пікір қоғамда үлкен сынға ұшырап, пікір білдірушілер наразылықтарын жасыра алмады: 

«Ересек әйелді біреу тәрбиелеуі керек дегенді қайдан шығарады?», «Мыналар не айтып отыр өзі?», «Өздерін алдап жүр», «Бұл қай ағым?», «Күйеу әйеліне керісінше мейірімді болу керек қой», - деген сынды пікірлер басым болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

IBHOF жыл сайын әлемдік боксқа елеулі үлес қосқан спортшыларды марапаттайды, деп хабарлайды MadeniPo...