«Қазақмыс» этноауылы: Наурыздағы бірлік пен дәстүрдің жарқын үлгісі

Фото: Kazakhmys

MADENI TV
627

Ұлытау облысында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында ұйымдастырылған мерекелік шаралар қала тұрғындары мен «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлерін бір ортаға біріктірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мерекенің басты алаңына айналған этноауылда 11 киіз үй тігіліп, әрқайсысы ұлттық дәстүр, мәдениет және қонақжайлықтың ерекше көрінісін ұсынды.

Бағдарлама аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, оған кәсіпорын қызметкерлері мен қала тұрғындарынан құралған командалар қатысты. Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады. Бұл сайыстар бірлік пен командалық рухты нығайтты.

Шараның негізгі бөлігі – «Қазақмыс» кәсіпорындары арасындағы «Үздік киіз үй» байқауы болды. Нәтижесінде I орынды Батыс Жезқазған кеніші, II орынды Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасы, ал III орынды «Жомарт» кеніші иеленді.

Сондай-ақ бірнеше кәсіпорын мен ұйымдар арнайы номинациялармен марапатталды. Барлық жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду енді кино индустриясында да бағын сынап көрмек, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету о...