Қазақстанда 2026 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар 10%-ға өседі

Фото: Pexels

MADENI TV
1335

Қазақстанда 2026 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар 10%-ға өседі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл мақсатқа бюджеттен қосымша 887 млрд теңге қарастырылғанын Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

Оның айтуынша, 2026 жылы әлеуметтік шығыстар 6 трлн теңгеден 6,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Соның ішінде 636 млрд теңге тікелей зейнетақылар мен жәрдемақыларды арттыруға бағытталады. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы өсім 8,5% болған.

Министр халық табысының өсуі тек әлеуметтік төлемдер есебінен ғана емес, басқа да тетіктер арқылы қамтамасыз етілетінін атап өтті. 

Шоу-бизнес

Актер, Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев бір жыл ішінде өмірінде болған өзгерістер мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитінде ұйымды институционалдық...