ҚҚС: 5 түрлі салаға жеңілдік жасалады (видео)

Ашық дереккөз

MADENI TV
85

Қосылған құн салығын 16%-ға көтеру ұсынылды. Салық кодексі жобасы бүгін Мәжілісте талқыланды. Жиында 5 бірдей салаға жеңілдік қарастырылып отырғаны жайлы айтылды. Ол қандай салалар?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Қазір қызу талқыланып жатқан қосылған құн салығына қатысты заң жобасы бүгін тағы Мәжілісте де пысықталды. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин бұл жолы дифференцирацияланған нұсқасын ұсынды.

Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

Қосылған құн салығының мөлшері 16 пайыз болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндер салықтың аталған түрінен толықтай босатылады. Дегенмен қосылған құн салығын өз еркімен төлейтіндерге кедергі жасамаймыз, өз еркі. Сондай-ақ кейбір салаларға жеңілдік жасап отырмыз.

Мәселен, қосылған құн салығына денсаулық сақтау, IT, туризм, креативті индустрия және азық-түлік өндірісі үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме ұсынылды. Бұл Ұлттық қорға қол сала бермей, бюджет тапшылығын жоюға мүмкіндік бермек. Сондықтан табыс тапқан әр қазақстандық салық төлеуге міндетті, дейді экономистер.

Жақсыбек Құлекеев, экономист:

Қазақстанда бүгінгі күні 2,4 млн жеке кәсіпкер бар. Солардың 400 мыңға жетер-жетпесі ғана салық төлейді. 2 млн ешқандай салық төлемейді. Бюджетке түсетін қаражат азайып, шығын екеуінің арасындағы алшақтық жыл сайын ұлғайып бара жатыр. Бүгінге дейін біз оны қарыз алып жауап келе жатырмыз. Әрине ол экономиканың тұрақты әрі жақсы дамуына жағдай жасамайды.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Ал БАҚ саласы қосылған құн салығынан толықтай босатылады. Сондай-ақ үй жанында, аулаларда орналасқан шағын дүкендерге де салықтың аталған түрі міндеттелмейді. Тағы бір айта кететін жайт - қосылған құн салығының ең төменгі шегі 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетіледі. Бұл ірі бизнестің ыдырауының алдын алады деп сендірді тиісті министрлік өкілдері.


Дереккөз: qazaqstan.tv 
Tілші: Нұрсұлтан Тілектес

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазгидромет алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын сипаттайды,&nbs...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов қасиетті Қадір түніне орай 321 сотталушыға рақымшылық...