Сенаторлар вейпке тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды

Заң
487

Бүгін парламент сенаты Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салатын заң жобасындағы жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

 Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралды.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мәліметінше, заңның міндеттері — медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды құқықтық реттеуді енгізу, медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру жөніндегі қатынастарды ішінара қылмыстық сипаттан арылту, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, пациенттердің медициналық көмектің сапасын арттыруға құқықтарын қорғау.

Заңмен мыналарға: 

— медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуге;
— медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін енгізуге;
— медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктер белгілеуге, медициналық мамандықтың мәртебесі мен тартымдылығын арттыруға;
— вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салуды, сондай-ақ шегілмейтін темекі заттарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды жарнамалауға тыйым салуды белгілеуге бағытталған түзетулер ұсынылды.

Жалпы отырыста заңды екінші оқылым барысында Парламент Сенатында келесі мәселелерді:

  • Заңда шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауаптылықтың заңмен белгіленуіне байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды сату, пайдалану, оларға демеушілік көрсету үшін жауаптылықты регламенттейтін нормаларды алып тастауды;
  • шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптердің тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған түрлі іс-шараларды, оның ішінде жүлделер ұтыс ойындарын, лотереяларды өткізуге тыйым салуды белгілеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сенаттың ескертулері мен ұсыныстары салыстырма кестеге жинақталған

Мәжіліс

Мәжілісте Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды, деп хабарлады madeniportal.kz...

Шоу-бизнес

Отандық танымал актриса әрі блогер Жұлдызай Дүйсенбиева Уәлибек Әбдірайымовқа қатысты қызықты оқиған...