Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

ЖАҢАЛЫҚТАР
5027

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" тілшісі.

"Елбасы" туралы Конституциялық заңға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамбеясын өмір бойы басқару құқығы маған тиесілі. Бірақ мен мүлде бас тартпаймын, үнемі қастарыңызда боламын. Алайда ел президенті бірқатар өкілеттікке ие. ҚХА елдің қазіргі президентіне тірек болуға тиіс. Мемлекет басшысы да Қазақстан халқы Ассамблеясына арқа сүйейді. Сол себепті мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым", - деді Назарбаев.

Елордада Тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр. Ассамблеяның кезекті сессиясының күн тақырыбы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталды.

madeniportal.kz

author

Нұрсұлтан Назарбаев

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...