Маңғыстау облысында жол бойында қоқыс таситын көлік жарылып, жақын маңдағы ғимарат терезесі қираған,...
Комаға түскен журналист Диас Ахметшәріптің қазіргі жағдайы қандай
Фото: әлеуметтік желіден
1388
Қазақстандық журналист Диас Ахметшәріптің жағдайын дәрігерлер бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір журналист ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
– Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Басқа ақпарат науқастың туыстарының рұқсатынсыз жарияланбайды, – деп мәлімдеді ведомство Lada.kz-ке.
Бұған дейін Журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түсткенін хабарлаған едік. Ulysmedia.kz дереккөзінің мәліметінше, оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр.