Павлодарда үш ер адам әйелді өлтіруге әрекет жасағаны үшін сотталды. Бұл қастандықты ұйымдастырған &...
Шерзаттың сотында шу шықты: атышулы екі қыздың бірі әдейі жалған айғақ берген
Фото: Ашық дереккөз
1898
Прокурор Дана Сәрсенбай соттан "Шерзат ісі" бойынша басты куәгердің айғақтарына сыни баға беруді сұрады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұған дейін куәгер Эльмира Нұрбекова іс бойынша басты күдікті Абзал Шынасылдың Шерзатты пышақтағанын өз көзімен көргенін айтқан. Алайда куәгер кенеттен айғағын өзгертіп отыр деді прокурор.
"Нұрбекованың айғақтары әртүрлі. Соттан оның сөздеріне сыни көзқараспен қарауды сұраймын. Мен куәгер әдейі жалған айғақ беріп отыр деп есептеймін", - деді прокурор.
Сот өтінішті ашық қалдырып, шешімді кеңесу бөлмесінде қабылдайтынын айтты.