Суретші Жайық Күшікбаев жазған 7 картинасы

7 КАРТИНА
4090
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Жайық Күшікбаев! Мархабат!

Суретші Жайық КүшікбаевСуретші Жайық КүшікбаевЖайық Күшікбаев –  Қазақстан Республикасының суретшілер Одағаның мүшесі. 1968 жылы 18 сәуірде Талдықорған облысы Сарканд ауданы Бакалы ауылында дүниеге келді. Оның әкесі Елес Күшікбайұлы ұстаз қызметін атқарған. 1987 жылы Алматы Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде оқуын бітірді. 1995 жылы  С.А. Герасимов атындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында «Қоюшы-суретші» мамандығы бойынша оқуын тәмамдайды. 1995-2019 жж. аралығында Т.Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Академиялық сурет» кафедрасында жұмыс істеді. Кафедра доценті. 2020 жылдан «Астана –Тұран» университетінде «Дизайн» кафедрасында оқытушы. Еліміздің елордасының безендіру жұмысына белсенді қатысқан. Мысалы, «Думан» ойын-сауық орталығы мен «Нұр-Астана» мешітінің көркемдеу жұмысында еңбек етті.

11.11.2015 ж.- ҚР  Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік музейде «Парыз» жеке көрмесінің салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. (Алматы қаласы)
21.12.2018 ж. – Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінде «Панорама» атты жеке көрмесі ашылды.  (Алматы қаласы)
09.01.2020 ж.- «Мәңгілік ел» Салтанатты қақпасында «Көкжиек сызығы» атты жеке көрмесі өтті. (Нұр-Сұлтан қаласы)


1

Суретші Жайық Күшікбаев: «Әр адам осы дүниеге жылап келіп, жылап кетеді деп айтады емеспе халықта, сондай ойлармен осы туындыны бейнелеген едім. Бастапқыда осы сюжетке кейіпкерді моншада көргенде салуды ойладым, әкесі баласының үстіне су құйған кезде бала айғайлап жылап жібереді. Кескіндеменің бастапқы нұсқасында су шашырағаны салынған еді. Кейін ол артық екенін көріп алып тастадым. Осы туындыда өзіме ұнайтындығы, оның біртұтастығы бар. Менің есімде Мәскеуде оқып жүргенімде ұстаздарымыз туындыда ең бастысы біртұтастықты ұстай білу, түс жағынан және композициясы бойынша шашыраңқы болмау керек деп талай ескерткен. Осы жұмысында бәрі де жинақы деп ойлаймын» 


2"Ана портреті"


3

Жайық Кушикбаев "Күміс күн", 80х60 см, кенеп, майлы бояу.
Қаскелен жерінде қыста салынған этюд. Суретші осы көріністегі табиғаттың құбылысын жеткізу үшін екі рет осы жерге келіп, тыныштықта өзімен-өзі жалғыздықта жұмыс істеді.


4 "Таудағы көктем"


5

"Алатау баурайында"


6

"Үш бота"


7

«Алматы табиғаты»




Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...