Ернағыз Жанатқан. Мәңгілік көктем

ӘДЕБИЕТ
2368

Гранд Вуд. Американдық готика. 1930 жыл

009ТА

Сені қай жолдар
Қай рельс осында ап келді?
Сезімдер бүр жарып нәп-нәзік
Үміттер лап берді
Кейін,санамда сан сұрақ сандалып
Көк тер де,ақ термін
Сонсоң тағдырдың жадына көшірдім
Осынау аяулы кезеңді
Осынау әдемі сәттерді

Сен-Луврда сақталған,
мыңжылдық жауһарлар секілді
Жұлдыздар жаныңды тербетіп
Күн келіп сүйетін бетіңді
Жағаңнан,жұпарлар иісі аңқып не түрлі…
Көшкенмін,
мендегі түнектен
сендегі тілкее
Ал сен,келдің мендегі жүрекке!

Келесі аялдама Алматы 1

Гранд Вуд. Ағаш отырғызу күні. 1932 жыл

Алматы. Қар

Кеше, Алматыға
ақшамда қар жауды ғой
үмітке үдірейіп таңданды үрей
көңілдің перделерін түріп тастап
тереземнен құлады таңнан бір ой,
уа, ақ ұлпа!
сендер жақта білмеймін қандай екен,
біздің жақта адамдар аңғал, дүлей...
Содан, жанымның бүршіктерін дірдектетіп,
жапырақтың жүзінен құрмет кетіп,
аспаннан ақ сәлделі періштелер,
келеді қырбақ-қырбақ дүрмекті ертіп,
Білесің ғой,
тоңдыруға аяздың күй құштар,
бой көрсетпес аспаннан, жиі құстар,
өңмен қаққан, өңім де күйініш бар,
менің жаурағаным да шаруасы жоқ,
Алматыда
өз бетінше жылайды қиылыстар...

Гранд Вуд. Парсон Вим ертегісі. 1939 жыл

Қала (эллегия)

Меңіреу көшелер,
боз үйлер,
маршурттар ескірген
Мен анау бой түзеп өсіп ем тауларға
даланың төсінде ес білгем
Ал,мұнда жатсындым
Сыр айтқым келген жоқ пендеге
Сөйлескім келген жоқ ешкіммен
Атпайтын сияқты таң ерте
Батпайтын сияқты кеш мүлдем
Сөйтіп біраз күн,
ойынсыз,сауықсыз
шаттықсыз,күндерді кештім мен
Кейін,қытымыр аяз кеп қысады
Үміттер-сең басқан
Ой-ызғар
Гуілі естілді,пойыздар
Елең-алаң да
Аңсарым ауады жолына құстардың
Қайда ұшып барады?
тобына құштармын
(Мен де ұшқым келеді)
тек,жек көріп кетіппін жолдарды
Сағыныш дейсің ба? дұшпанмын

Гранд Вуд. Жүгері алқабы. 1931 жыл

ӨЛЕҢ. ЖАР

Мен үйлендім
Үйлендім жырға сұлу
Керемет ә?!
Мөп—мөлдір мұңға сіңу
Маужыраған даланың құшағында
ғажайып қой, онымен ымдасуым,
Ымдасуым, содан соң қырға шығу...
Ол бар да, нұр да сұлу
Мұң да сұлу,
Маған ғана сыйлайды күлкілерін,
Маған ғана береді, күллі ашуын.

Осы менің тоқалым, бәйбішем де,
Өзің қорған боларсың, байғұс ерге.
Шіркін, сенде мұңлықтың сыңарысың,
әйтпесе, бокалмен түйістіріп қайғы ішерме ең?!

Ағайын ем, естіңмен, есеріңмен
Сүю жайлы,кеш білген, кеше білгем
Жақұтымды құрайын, неше жырмен?
Бақытымды сұрайын, неше гүлден?
... уай,құр елес!
Мен емес ем, жаның да,кеше жүрген
Үйлендіріп қойғалы мені қашан
Келін ал деп айтпа енді, Шеше мүлдем!

Гранд Вуд. Жас жүрегі. 1931 жыл

Мәңгілік көктем

 Ооо,жасаған!
 бәйшешек кірді түсіме, өткенде менің
 сағынып жүр-ау, тәйірі, көктемде мені
 асықпа қарғам,
 иә, күні ертең көктем келеді
 құшады сосын біздерді, құмарын басып
 аққұба келген бір ару, бетпердедегі
 ертіп апарар мүмкін,бөктерге мені
 оның дауысы- қылдан да нәзік
 естісең ғой, шіркін
 естісең, төккенде лебін
 (тек сен, жек көрме мені)
 мен оған, бәрін айтамын
 жүрегімді,қып—қызыл өрт кернегенін
 жырларымды,жып—жылы от кеудедегі
 бәәррін,бәәррінн...

 құс қанатымен ілесе келген
 "көктем аруы"
 жақында сосын, мың есе бермен
 езіліп менің, өкпе—бауырым
 қарай берейін, үздігіп
 кел, екеуміз,көктемнің тілінде сөйлейік
 жапырақ, тыңдасын,
 ееууу, менің мұңдасым әм сырласым
 сен жайлы жырлауға,  жетеді бір басым
 алақай, құстарға қарашы
 сүйретіп келеді,сарша күз ұрлаған сұлбасын
 олар, менің жанымда қалады, тіпті бір ғасыр
 мүмкін, бұл көктем мәңгілік
 яки, менің құрдасым

 ақпанның, сарышұнақ аязын,мерт қылып
 сағыныш гүлдерін,гүлзәрдің төсіне бөктіріп
 —қош келдің!
 МӘҢГІЛІК көктем

Гранд Вуд. Күзгі жер жырту. 1931 жыл 

Таңбозы

Самиян самалға еріп, сергелдең мұң
маңдайымнан соғады,солқ еткізіп
содан соң  сенделемін
сенделемін
күйімді ұғып көрсеңші сенде менің...
мына ессіз түн, білген жоқ күні кеше
тық-тық басып,тық басып сен келерін,
келген жанның білмей дал, ел дерегін
содан болар,
қуанып қарсы алған жоқ ешкім сені
қуанып қарсы алған жоқ, жеңгелерім...

сен келіп кет, содан соң іңір келер
жарасындай сенімнің іріңдеген
оған қиын,
жүрегімнің ең ауыр жүгін берем,
жалбарынғым келеді жесір айға,
жолменен жүргіз деймін сүрінбеген,
бар ойымды, содан соң айға ұшырам,
жұлдыздар хат күтеді бүгін менен,
...таңбозында құлаймыз жер бетіне ,
өзім тағы жұлдыздан бұрын келем.

Гранд Вуд. Герберт Гувердің туған жері. 1931 жыл

Сарғыш

Жапырақ желге ұшады
ашады жер құшағын
үмітті үлбіреген 
сіз құшасыз,
содан соң,мен құшамын…
Мына біз,алдануға бейімдеуміз
Мына күз, өтірікке сенгіш әлі
Ес неге шығасылы-кіресілі?
Ештеңе,түсінгем жоқ мен мысалы 

Біздер,қай жерде жолықтық?
Қай жерде адастық?
Бұл мүмкін сәтсіздік 
Ғасырға қимадым сәтті үздік…
Мүмкін,санасы сап-сары сағыныш 
Шаштары сап-сары ақ қыздың
Сосын,жетімек күй кешті бақ күзгі
Қайыңдар, жолымда
жолыңда,сап түзді
Уайымдар,сананы биледі қап! біздің

Гранд Вуд. Алоэ ұстаған әйел. 1929 жыл

Еске алу

Бұл қай мезгіл
Кешқұрым ба?
Жоқ әлде таң сәрі ме?
Көше кезген мен ғана тар шәрі де,
Бармай қалған жолдарда қандай айып?
Жанбай қалған үміттің аңсары не?

Жолығудың болмады ыңғай-ебі
Хат жазбадым,емес ед бұл да әдейі
Адастырып алармын тағы сізді 
Жүрегімді нетесіз мұңға бейім 

Сізде бәрі бар еді ақыл,көрік
Үндемедім,
шіркін қандай жан едім дәтім берік
Үнсіз қалған сәтімді сөге көрме 
Өмір жайлы ойланып жатыр деп ұқ

Қынжылта ма? 
жақының да,жатың да еместігім 
Бізді қалай арбайды елес ғұмыр
Жолықтырып қалғым-ақ келіп еді
Сізді бірақ,
бұл қалада тұрмайды деп естідім

Ернағыз Жанатқан

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...